Пятница, 29 ноября, 2024

Самара-Шымкент автожолында екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам мерт болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

1 тамыз шамамен сағат 11:00-де Самара-Шымкент автожолының 765 шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW жеңіл мәшинесі соқтығысты.

Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

«Автокөлік жүргізушілерінен жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», — дейді Ақтөбе қаласы ПБ бастығы Әсет Қалиев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған