Понедельник, 25 ноября, 2024

Самат Әбіш билік өкілеттігін асыра пайдалану фактісімен тергелуде – Бас прокуратура

Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекс талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды. Бұл жайында Бас прокуратура тиісті мәліметті жариялаған болатын», – деді Ә. Шындалиев.

Айтуынша, С. Әбіштің елден кетпеу туралы қолхаты бар.

«Ол қазір Қазақстанда. С. Әбішке қатысты Қаңтар оқиғалары кезінде билік пен лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Елден кетпеу туралы қолхаты аясында оның үйінің алдында қарауыл болмайды. Ол өз үйінде тұрады. Тергеуші шақырған кезде, өзі барады. Сонымен қатар адвокаттармен және басқа адамдармен кездесе алады», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 19 қыркүйекте Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланды

Бұл тұрғыда Әсет Шындалиев С. Әбішке қатысты тегеу басталғанына біраз уақыт өткенін айтты.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған