Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының Сауд Арабиясы корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтанимен кездесуі өтті. Шара барысында Файсал бен Ханиф әл-Кахтани Сауд Арабия Корольдігі атынан Қазақстанға берілген 50 мың Құран кәрімді табыстады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері біз Сауд Арабиясымен тығыз жан-жақты қарым-қатынастамыз. Дипломатиялық байланыстар аясында біздің діни салада да әріптестік орнатқанымызға көп жылдар өтті. Осы жылдар ішінде біздің байланысымыз нығая түсті. Қажылыққа қатысты екі жақты жұмыстарымыз жетіліп, өз нәтижесін беріп келеді. Биыл елімізден төрт мың адам қажылығын өтеп қайтты», – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.