Семей қаласында ер адам Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 11 шілдеде Ертіс өзенінің «Пристань» қалалық жағажай ауданында болған.
«Куәгерлердің айтуынша, 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылуға барған. Бір мезетте көзден ғайып болғаны белгілі болды. Дереу іздеу-құтқару жұмыстары басталды.
Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты», — делінген хабарламалада.
Іздеу жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
ТЖД өкілдері демалушылар қауіпсіздіктің қарапайым талабын елемейтіндіктен, қайғылы жағдайлар болып жататынын ескертеді.
Абай облысы ТЖД облыстың барлық тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады.
Әр адам келесі ережелерді білуі керек:
егер сіз балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;
тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардан ары жүзбеңіз;
жүзу құралдарын пайдаланып балық аулау кезінде құтқару кеудешелерін міндетті түрде киіңіз;
қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз;
тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;
техникалық және ескерту белгілеріне, қалтқыларға көтерілмеңіз;
суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;
суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.
төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112 телефонына хабарласыңыз.