Четверг, 28 ноября, 2024

Семейде орман өртеніп жатыр

Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га алдын ала алаңда ағаштар жанған.

«Қазіргі өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылған. Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Метеорологиялық жағдай: +34 градус, солтүстік жел 2 м/с. Өрт сөндірушілер өрттің өршуіне жол бермеу және оны сөндіру үшін барлық күшін салып жатыр», — делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған