Пятница, 29 ноября, 2024

Семейде өртсөндірушілер жанып жатқан пәтерден 4 жасар баланы құтқарған

Семейде 2 қаңтарда тоғыз қабатты үйдің 5-қабатында өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер 2018 жылы туған баланы аман алып қалды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Абай облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар сағат 17:16-да түскен.

«Өрт Шәкәрім даңғылы, 13-үй мекенжайында болды. Оқиға орнына жеткенде 9 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің заттары, жиһаздары, техникасы, терезесі жанып жатқаны белгілі болды. Қызметкерлер қабырға құрылымдарын бөлшектеп, 2018 жылы туған баланы құтқарды. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағаланды, бала дәрігерлердің бақылауында», — деді Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға орнына екі автоцистерна, бір баспалдақ және жеке құрамнан 8 адам жұмылдырылды. Абай ауданының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған