Семейдегі саябақтардың бірінде орналасқан Лениннің кеуде мүсіндері алынып тасталды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты, ақын Мерей Қарт Фейсбук парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Семейдегі «Ленин бюстері» келмеске кетті, Алаш арыстары тұғырға қонар кез келді!, — деп жазады ол.
Абай облыстық мәслихатының депутаты Шағангүл Жанаева да қаланың рухани жаңғырып жатқанын атап өтті.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін коммунистік идеологияның һәм Совет Одағының ірі көсемдерінің бюстерін қаланың әр-әр жерінен жинап, осы бульварға әкелген болған. Бульвардың көп бөлігін алып тұрған осы мұсіндерді бүгін тасып, әкетіп жатыр екен. Таң қалдық. Тәңірім, бұл күнді көрсеткеніңе шүкір! Талай әкім басқарды ғой қаланы. Бірде біреуінің қайраты жетпеп еді… Семей рухани жаңғырып жатыр! Алаш рухты әкімдеріміз аман болсын! Қадірлі жерлестер! Құтты болсын! Жаңарудың басы құтты болсын!, – деп жазды Шағангүл Жанаева.