Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Қазақстан намысын Богдан Лукин, Георгий Линников, Александр Федотов, Ғабидин Мустафин қорғады.
Жартылай финалда ұлттық құрама Египетке жол берді. Үшінші орын үшін матчта қазақстандықтар Қырғызстаннан мықты болды.