Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Яхияхожа Исмаилов қазақ халқына алғысын айтты

Астана қаласы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Яхияхожа Исмаилов барша қазақстандықты айтулы күнмен құттықтады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Менің атам молда Исмаил 1930 жылдары Тәжікстан аумағынан Қазақстанға көшіп келген. Сол уақыттан бері әкем мен оның бауырлары Қазақстанда өсіп-өніп, жетілді. Сол атамыз келген ауылда тұрып жатыр. Ол өзінің ұрпақтары мен немерелерін осы діни жолда тәрбиеледі. Абай атамыздың өзі адам баласы бір-біріне бауыр деген», — дейді Яхияхожа Исмаилов.

Оның айтуынша, Алғыс айту күні тұрғылықты қазақ халқына алғыс жеткізуге арналған.

«Біз, ҚХА мүшелері барлығымыз ақылдасып, қазақ халқына ескерткіш қоямыз ба деп ойландық. Ақыры бір күнді арнап, қазақ халқына алғыс айту күні белгіленді. Бұл мерекенің мәйегі — осы тұрғылықты қазақ халқына алғысымызды жеткізу. Біз қазақ халқына мың алғыс деп отырамыз. Оны өзге ұлттың барлығы біледі, айтады, жеткізеді. Осы күнді пайдаланып, алғысымызды жеткізгіміз келеді. Мен 1987 жылдан бастап имам болып келемін. Осы 35 жылда сен басқа адамсың деген бір сөз естігем жоқ. Мешітке келетін жамағаттың да көпшілігі қазақ халқы. Мен өзімнің жеке алғысымды жеткізгім келеді. Осы халықтың ортасында, бір перзенті сияқты 60 жасқа келіп жатырмын. Петропавлда, Жезқазғанда қызмет етсем де, осы Астанада жүрсем де, сыйласатын, құрметтейтін достарым көп. Қазақ халқына мың алғыс», — деді бас имам.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған