Вторник, 26 ноября, 2024

Сенат депутатты үміткеріне қойылатын талаптар аталды

Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін парламенттік сайлауда кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«Депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар. Парламент депутаты болуы мүмкін тұлғалар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы және елде кейінгі 10 жылда тұрақты тұрған;
  • 30 жастан асқан;
  • жоғары білімі бар;
  • жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
  • тиісті өңір аумағында 3 жылдан кем емес тұрақты тұрған», — деді ОСК мүшесі Константин Петров комиссия отырысында.

Оның айтуынша, кандидаттың белсенді сайлау құқығы болуы керек. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жүрген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.

«Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығы бар адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзудағы кінәсін сот мойындаған адам Парламент депутаттығына кандидат бола алмайды», — деп қосты Петров.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған