Четверг, 28 ноября, 2024

Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты

Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты. Ол өзінің айыпты емес екенін жеткізді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атпадым. Азаптау болмады. Жәбірленушілер бәрін жоққа шығарды. Тағылған айыптар сотта дәлелін таппады»,- деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.

Сот сағат 15:00 ге ауыстырылды. Сол кезде үкім шығады деп күтіліп отыр.

Бүгін сағат 11:00-де өтуі тиіс сот отырысы бірнеше сағатқа кешігіп басталды. Серік Күдебаевты сот залына арнайы күзетпен жеткізді.

Түскі сағат 13:25-те сот отырысы басталды.

Процесс басталмас бұрын Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесін «елге өз еркімен келді» деген мәлімдеме жасаған болатын.

Айта кетейік, Серік Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және азаптауға қатысы бар деген айып тағылған.

Соттың тәртібін бұзып, шекараны заңсыз өтіп, елден қашып кеткені үшін Серік Күдебаевтың қанша жыл жаза арқалайтынын сот шешеді.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған