Танымал актриса Әсел Сәдуақасоваға оқырманы келіндік өмірі жайлы сұрақтар қойды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Жаңа отбасы жайлы актриса Instagram парақшасында айтты.
«Мағжанның ата-анасы мені бірінші кездесуден-ақ жылы қабылдады. Біздің қарым қатынасымыз өте жақсы, шүкір!
Мен қандай келінмін? Әрине, мен классикалық келіндер қатарынан емеспін. Шай құймаймын, орамал тақпаймын. Мағжанның анасына бұл маңызды емес. Мен енеден жолы болған адаммын. Керісінше, біз қонаққа баратын болсақ, қандай ас дайындау керектігін, менің қандай тағамды ұнататынымды сұрайды. Әрдайым біз барғанда мені сүйікті асыммен күтіп алады. Осы үшін анама алғысым шексіз. Біз сізде өте қатты жақсы көреміз», — деді актриса.