Пятница, 6 февраля, 2026

Шахматшы Бибісара Асаубаева «Еңбек сіңірген спорт шебері» атанды

️Шахматшы Бибісара Асаубаева «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұл туралы ол Instagram Stories-інде бөлісті. Ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі өкілі растады. 

«Мені құттықтап қойсаңыздар болады. Алдарыңызда еліміздегі жалғыз «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері», — деп жазған ол. 

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева — қазақстандық шахматшы. Ол — әйелдер арасындағы гроссмейстер, ер адамдар арасында халықаралық шебері, блиц бойынша әлем чемпионы, рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған