Пятница, 29 ноября, 2024

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч: Димаш Құдайберген жүрісті бастап берді

Елордада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Динь Лижень арасындағы матчтың 12-ші партиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Аталған партияны әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген символикалық жүріс жасап, бастап берді. Кейін ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген өнер иесі матчқа қатысты өз пікірімен бөлісті.

«Осындай шараға шақырғанына өте қуаныштымын. Шетелден келген қонақтарға «қош келдіңіздер!» деп айтамын. Өзім шахмат ойнай қоймаймын. Бірақ бұл мен үшін үлкен мәртебе болды», — деді Димаш Құдайберген.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған