Четверг, 28 ноября, 2024

Шавкат Рахмоновтың қарындасы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

Сора Рахмонова NAIZA турнирінде Валерий Карыгинаны айқын басымдықпен жеңгеннен кейін Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Еліміздің бас қаласында өткен жарыста Шавкат Рахмоновтың қарындасы алтын медаль жеңіп алып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

«Әлем чемпионатымен қосқанда қоян-қолтық ұрыстан әлемді үш рет мойындаттым. Барлық жанашырларыма қолдау көрсеткені үшін рақмет», — деп жазды Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған