Желтоқсан оқиғасының батыры Қайрат Рысқұлбековтің туған інісі, Талғат Рысқұлбеков мектепте қыздарға хиджаб киюге рұқсат бермесе, Шешенстанға көшетінін мәлімдеді. «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы орамал тағу мәселесіне қатысты өз талабын жеткізді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. Қоғам белсендісі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен орамал дауына қатысты өз ұстанымын білдірді.
“Неше күннен бері әлеуметтік желіде орамал дауы болып жатыр. Жылда болады. Сабыр еттік. Бірақ бір нәрсе ақиқат. Біз жыл откен сайын қарсы болған сайын азап келе ма, деп қорқамын. 1 қыркүйек қызымды орамалмен мектепке апарамын. Кіргізбесе видеоға түсіремін. Ал қызыма орамалмен білім алуына рұқсат бермесе, Ин ша Аллаһ Шешенстанға көшемін. Олар орамалмен оқытып жатыр. Менімен ілесем дегендер, маған хабарласыңдар”,- деді Талғат Рысқұлбеков.
Белсенді Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің хабарласып, түсініктеме жұмысын жүргізбек болғанын да мәлімдеді.