Четверг, 28 ноября, 2024

Шетелге кеткен ІТ мамандар елге қайтып оралады – Дархан Ахмед-Зәки

Қазіргі таңда Қазақстанда ІТ нарық толық қалыптасқан. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Брифингіде журналистер шетелге кетіп жатқан ІТ саласының мамандарына қатысты сауал қойып, мұның Қазақстандағы нарыққа қалай әсер етінін сұрады.

«Ақпараттық-технология тек Қазақстан экономикасының шеңберінде дамымайды. Бұл – әлемдік үрдіс. Өздеріңіз білесіздер, Президентіміз АҚШ-қа барғанда «Digital Nomads» деген топпен кездесті. Оның ішіндегі көпшілігі шетелдік алпауыт компанияларда жұмыс істеп жатқан қазақтың балалары. Солардың көбі қазір лекция оқып, өз білімдерін беріп жатыр. Олардың мақсаты – ең алдыңғы қатарлы білімді өзіміздің жастарымызға жеткізу. Егер қазақстандықтардың қайсыбірі шетелге кетіп жатса, мен айтқан осы мысалға сәйкес қайтып келеді», — деп жауап қатты Дархан Ахмед-Зәки.

Оның айтуынша, әлемдік деңгейде өткен білім олимпиадаларында топ жарған қазақстандықтарды белгілі компания өкілдері іріктеп алып, жұмыс ұсынып жатыр.

«Қазіргі таңда Қазақстанда толыққанды нарық қалыптасқан. Көптеген ІТ мамандар бүгінде елімізде кең таралған банк қосымшалары мен солардың бағдарламалық қамтамасыз етуі бойынша жұмыс жасайды. Ондай мамандарды сақтап қалу үшін сәйкес жалақы төленеді. Сондықтан бұл Қазақстандағы ІТ индустрияға мол септігін тигізіп жатыр ғой деп ойлаймын. Кетіп қалып, қайтып елге оралып жатқандары да бар», — деп түйіндеді комитет төрағасы.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған