Четверг, 28 ноября, 2024

Шу ауданында шопан 60 келіге жуық марихуана дайындаған

«Қарасора – 2023» жеделалдын алу іс-шарасы барысында іздестіру шараларын Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, ҚР ҰҰ «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлері Теа қызметтік итін пайдалана отырып жүргізді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Оқиға орнын тексеру барысында 57 келі 140 грамм кептірілген марихуана, 4 келі 820 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған