Жамбыл облысы, Шу қаласының 50 жасар тұрғынынан тәртіп сақшылары 11 килограм 760 грамм болатын кептірілген марихуана тәркіледі, деп жазады ARDA-AKPARAT.
Шу ауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері «Toyota Corolla» автокөлігін тоқтатып, жүк салғыштан жолаушыға тиесілі қара полиэтилен пакетін табады.
– Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.