Четверг, 28 ноября, 2024

Швейцария тауларында қазақи стильде Louis Vuitton бутигі ашылды

Швейцария тауларындағы Санкт-Мориц курортында сәнді pop-up store Louis Vuitton дүкені ашылды. Бұл бутик қазақстандықтарды несімен қызықтырғаны туралы Arda-ақпарат хабарлады.

Қызығушылыққа негіз болған дүкеннің экстерьері — ол көшпенділердің баспанасы болған қазақ киіз үйінің стилінде салынған. Бутиктің уақытары бренд символдарымен әрленген, керегесі де солай безендірілген сонымен қатар ішінен айна орнатылған. Киіз әппақ түсте қоңыр сызықтармен үйлескен.

Француз сән үйінің ресми сайтында Louis Vuitton St Moritz & Yurt Pop-Up 16 желтоқсаннан келер жылдың 10 сәуірге дейін жұмыс істейтіні айтылады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған