Среда, 27 ноября, 2024

Шымкент тұрғыны битум құйылған бөшкеге батып кетті

Шымкент тұрғыны битум құйылған бочкаға батып кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Оқиға Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-нің аумағында болды. Мұнда ер адам битум құйылған темір бочкаға құлап кеткен.

«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, алпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін шығарып алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — делінген Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған