Четверг, 28 ноября, 2024

Шымкент тұрғыны Тik-Tok желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырған

Шымкентте Tik-Tok әлеуметтік желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

ҚМА мәліметінше, оқиға орнын тексеру барысында «интернет желісі арқылы төрт аккаунтпен «Тринка Шамай» ойынын 1995 жылы туған азаматтың ойнатқаны анықталды.

Өзінің жауабында ол тікелей эфир арқылы ойнатқан ТикТок аккаунттарды және ақша қаражаттарының түсуімен аударылуын қадағалайтын банк картасын бейтаныс азаматтардан сатып алып, пайда табу мақсатында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын атап көрсетті, — делінген мәліметте.

Тексеру барысында ұялы байланыс телефондары, карта таратуға арналған аппараттар, ойын карталары, ойыншылардың есімдері көрсетілген тізім анықталды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған