Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна бірінші сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
«Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.