Понедельник, 25 ноября, 2024

Шымкентте 5 жасар бала бассейнге батып кетті

Шымкентте ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін суға батып кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтарда болған.

«Сағат 17:25-те жедел медициналық қызметтен 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға Тұран ауданындағы 8-шағынауданда, Үркімбаев көшесінің бойындағы KASIET фитнес-клубында болған. Балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1 метр 20 сантиметр, ені 5 метр) баланың суға батып кеткені, ересектердің қарауынсыз қалғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған