Четверг, 28 ноября, 2024

Шымкентте Алпамыс туылды

Шымкентте бүгін таңда алып бала өмірге келді. Оның салмағы 6 келі, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Дүниеге әкелген ананың жасы 31-де. Оның айтуынша, бұл сәби үшіншісі. Есімін Алпамыс деп атап отыр.

Дәрігерлер екеуінің де жағдайы жақсы екенін, бірақ келесі аптада ғана үйлеріне шығаратынын айтады.

— Шақалақтың туғандағы салмағы — 6000,0 гр, бойы – 65 см болды. Анасында ешқандай жыртылу болған жоқ. Алайда Алпамысқа ерекше күтім жасап, алдағы уақытта оның салмағын қадағалап тұруымыз қажет,”-дейді босану бөлімшесінің меңгерушісі Қарлығаш Альжанова.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған