«Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол клубтарының жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды. Нәтижесінде полицейлер 20 адамды ұстады, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«102» пультіне Уәлиханов көшесіндегі «Прага» дәмханасы маңында ер адамдар төбелесіп жатыр деген хабар келіп түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жеткен.
Төбелес «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында болғаны анықталды.
Әзірге полицияға 20 адам жеткізілді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.