Четверг, 28 ноября, 2024

Шымкентте аурухана ішінен науқас балаларды оқытатын мектеп ашылды

Шымкентте аурухана ішінен «Smart» мектеп ашылды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Асар мөлтекауданындағы балалар ауруханасында жаңадан іске қосылған оқу орталығында окнологиялық ауруға ем қабылдап жатқан балалар білімін жетілдіре алады.

Сондай-ақ, кішкентай пациенттер бейнелеу өнері, жеңіл құрылыс және робототехника, ағылшын тілі, қол өнер, шахмат, дойбы сияқты сыныптан тыс үйірме сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Балалардың жан-жақты дамуына барлық қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер қарастырылған.

Іс-шараға қатысқан Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков тың жобаның жүзеге асуына сәттілік тіледі.

«Онкогематологияда ем алатын балаларымыз үшін бұл зор мүмкіндік болды. Өйткені балалардың психологиялық-эмоционалды деңгейін көтеруге, емдеуге бұл оқу орталығы көп көмегін берер деген үміттемін» — дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

Айта кетейк, қайырымдылық жобасы «Help Today» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асып отыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған