Шымкент қаласының білім басқармасынан тағы бір лауазымды тұлға пара алғаны үшін әшкереленді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлім етті.
«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты тексерулер жүргізбегені және олардың кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алу фактілері бойынша қалалық білім басқармасының тағы бір лауазымды тұлғасын әшкереледі», — делінген хабарламада.
Қазір тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды.