Среда, 27 ноября, 2024

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен есірткі тәркіленді

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Шымкент қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кешенді іс-шара барысында қала аумағында есірткі таратумен айналысатын теріс діни ағымдағы ер адамды құрықтады.

Полицейлер күдіктіні ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырып, оны қылмыс үстінде қолға түсірді. 26 жастағы қала тұрғынынан есірткіге ұқсас хош иісті зат салынған полиэтиленді пакет табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың марихуана екенін растады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Аталған азамат бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол 2019 жылы ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша, ал 2020 жылы ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотталған. Қазіргі таңда ер адам қамауда. Сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған