15 жастағы Әнел Сағидуллаева 30 желтоқсан күні Шымкенттегі үйінен шығып, оралмаған. Жоғалған баланы іздеуге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Хабарламадағы мәлімет бойынша, Әнел сағат 15:00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен.
«Бойы 160-165 см, дене бітімі орташа. Шашы ұзын, қара. Үстіне сұр-қара күрте киген. Аяғында қара спорттық шалбар».
Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметі
«Кімде-кім қызды көрсе немесе қандай да бір мәлімет білсе, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуын сұраймыз», — деді департаменттегілер.
3 қаңтарда Алматы облысының таулы аймағында 7 адамнан тұратын отбасының (төрт ер адам, екі әйел және бір бала) жоғалғаны хабарланды. Олар табылды.