Среда, 27 ноября, 2024

Шымкентте 17 жастағы жасөспірім 9-қабаттан секірді

Қайғылы жағдай 16 наурыз күні сағат 15:35-те Қонаев даңғылындағы тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Otyrar.kz телеграм каналының жазуынша, оқиға орнына келген жедел жәрдем мамандары баланың бірден көз жұмғанын мәлімдеген. Ал полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеді.

Инсайдерлік ақпараттың дерегінше, анасы баласын халық емшісіне көрсету үшін Атыраудан Шымкентке келген.

17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі «суицид» болуы мүмкін.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған