Шымкентте жылан көбейіп кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы жыл басынан бері тұрғындардың өтініші бойынша 17 рет жылан аулауға шыққан.
Тек мамыр айында құтқарушыларға тұрғындар тарапынан 9 рет шақырту түскен.
«Құтқару қызметінің «112» нөміріне Самал-3 шағынауданындағы Мәңгілік ел көшесінде орналасқан балабақшалардың бірінен жылан табылғаны туралы хабар түсті. Сондай-ақ, Азат шағынауданы Ақбастау көшесінде де тұрғын үйден жылан табылды. Оқиға орнына 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы шығып, жыланды тауып, қауіпсіз аймаққа шығарды» — делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.