«Chia Tai Tianging Group» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған.
Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз, — делінген ҚМА таратқан хабарламада.