Вторник, 26 ноября, 2024

«Шынайы талант»: Таэквондомен айналысқан Димаш Құдайберген көпшілікті сүйсінтті (видео)

Танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram желісінде таэквондомен біраз уақыттан бері айналыспай кеткенін, алайда жақында өз формасына келетінін айтты. Желі қолданушылары әншінің жан-жақтылығына сүйсінген, деп жазады Arda-ақпарат.

«Шынымды айтсам, таэквондомен айналыспағаныма біраз уақыт өтті. Бірақ жақында өз формама қайта келемін деп ойлаймын», — деді Димаш Құдайберген.

Ал әншінің жанкүйерлері Димаштың сегіз қырлы, бір сырлы таланттылығына таңқалды.

«Шынайы талантты жан барлық істі кәсіби деңгейде орындайды. Димаш — шынайы талант», «Сіздің талантты екеніңізді білемін. Бірақ, сіздің спортпен шұғылданатыныңыз мен үшін күтпеген жаңалық», «Димашты осылай өсірген үлкендерге рахмет. Жан-жақты азамат. Ер баланы осылай өсіру кере». «Біз үшін Димаш әрдайым биікте», «Керемет қимылдайсың», «Спортпен шұғылдануды ұмытпай, қолға алғаныңа қуаныштымын», — деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған