Синоптиктер 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалынан республиканың басым бөлігінде қар жауады. Тек шығыста, республика орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болжанды. Облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман, оңтүстікте көктайғақ болады.
Астанада жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 0-5 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -29-31°C, күндіз -20-22°C.
Алматыда ауа райы ала бұлтты, түнде қар жауады. Жел екпіні — 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -3-5°С.
Шымкентте жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады. Солтүстік-батыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -12-14°С, күндіз -2-4°С.