Қазақстанның халық әртісі, әнші Нұрғали Нүсіпжанов сырқаттанып, ауруханаға түскен. Бұл жайлы әнші Жігер Ауыпбаев желідегі Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Arda-ақпарат.
«Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтай аңыз тұлғалардың көзін көріп, шығармашылық байланыс жасаған қазақ шоу-бизнесінің мэрі Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз сырқаттанып ауыруханада жатыр екен.
Алла шипа берсін, Нұр аға. Жазылып кетіңіз. Сіздің сахнаға шыққаныңызды қанша халқыңыз күтіп отыр. Қаншама өнердегі іні, қарындастарыңыз саулығыңызды тілеп, жазылып шыққаныңызды күтіп отыр. Ауырмаңыз, 100 жасаңыз. Сіз қазаққа керексіз», — деп жазды Жігер Ауыпбаев.