Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер, композитор Рамазан Елібаев ауыр дертке шалдыққанын айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.
«Жуық арада Паркинсон ауыруына шалдығуыма байланысты, күннен-күнге әлсіреуіме байланысты миыма ота жасалу қажет. Қомақты қаражат жинау үшін сіздерден, айналайын Қазақ халқым, көмек сұраймын! Жанұяларыңызға тек жақсылық, зор денсаулық, береке тілегім келеді, әрқашан аман-сау болыңыздар, айналайын жұртым. Алла сіздерге разы болғай!» — деп жазған ол.
Бұған дейін өнер иесі бұл ауруға шалдыққанына 15 жылдан асқанын, 2-топтағы мүгедекке айналғанын айтқан.
«Түрлі дәрілерді ішуге тура келеді, оларды ішпесем, тіпті сөйлей де, жүре де, тамақты жұта да алмай қаламын. Тіпті 2 рет өлім аузынан қалдым.
Оның айтуынша, ота Туркия елінде жасалу керек, ал оған 29 мың доллар (шамамен 14миллион теңге — еск.) қаражат қажет.
Айта кетейік, Рамазан Елібаев — танымал әнші әрі композитор. Ол «Нұрекем», «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пая» әндерінің авторы және орындаушысы. «Көздер» -ай», «Жас ұлан», «Балалық қайран бал шағым», «Көңіл күйі» т.б. «Гүлдер» ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.