Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 10 жастағы баланы екі күн бойы 200-ге жуық адам іздеді, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Уәлиханов ауданында баланың жоғалғаны 26 қаңтарда белгілі болды. Іздестіру шараларына полициядан бөлек, өрт сөндіру қызметінің, төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан әкімдігінің қызметкерлері жұмылдырылды. Облыстық Полиция департаментінен екі іздеу тобы келді.
Сонымен қатар, Жасқайрат, Қайрат, Қулыкөл және т.б. ауыл тұрғындары тарапынан белсенді көмек көрсетілді.
27 қаңтарда бала қожайындары жоқ қаңырап бос тұрған үйден табылды. Оны Жауар ауданының инспектор-кинологы О.П. Нұрлан қызметтік-іздестіру итімен анықтады.
«Бала дереу медициналық мекемеге жеткізілді, қазір дәрігерлер оны қарап жатыр. Ювеналды полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, отбасымен жұмыс жүргізіледі. Іздестіру шараларына атсалысқан аудан тұрғындарына алғысымды білдіремін», — деді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Руслан Әлижанов.