Алматыда «Сергек» 10 айда 900 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. 2022 жылы қалада 766 «Сергек» камерасы орнатылған, сонымен қатар 5 034 фото және бейне бақылау камерасы жұмыс істейді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Ағымдағы жылдың соңғы 10 айында «Сергек» 939 029 жол жүру ережесін бұзу фактісін тіркеді.
Оның ішінде:
-
- белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 592-бабының 1,2,3-бөліктері бойынша– 394 723:
- тыйым салатын бағдаршамға өту, ӘҚБтК-нің 599-бабының 1-бөлігі бойынша– 1 164;
- жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігін таңбалауда көзделген талаптарды сақтамау, ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі бойынша– 543 142.