Среда, 27 ноября, 2024

Соңғы үш күнде 150 киберқылмыс ашылды

Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Полиция қызметкерлері ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырды. Үш күнде 156 қылмыс ашылды. Соның көбі Қылмыстық кодекстің «Ақпаратқа заңсыз қол жеткізу», «Авторлық құқықты бұзу», «Порнографияны тарату», «Арнайы техникалық құралдарды тарату» баптары бойынша», – дейді Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ, оның айтуынша, IT-технологияларды қолдану арқылы 13 ұрлық ашылған.

«Олардың ішінде банктік шоттан қаржы ұрлау бар. Сондай-ақ, интернет пайдаланушыларға қатысты 283 алаяқтық анықталды – бұл онлайн тауарлық және тұтынушылық несиелерді өңдеу, несие алу бойынша қызмет көрсету туралы жарнамаларды орналастыру және т.б.», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған