Понедельник, 25 ноября, 2024

СҚО-да жол жөндеуге бөлінген ақшаны талан-таражға салған шенеунік ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы тергеу изоляторында қамауда отыр, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, СҚО әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, «Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және жол-құрылыс компаниясының басшылығына қатысты жымқыру, пара беру және алу фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Олар Петропавл қаласының автожолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру, осы жұмыстарды орындаумен байланысты пара беру және алу бойынша күдікті.

Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды» делінген баспасөз хабарламасында.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған