СҚО-ның есту қабілеті бұзылған актерлер театрының бишілері Дубайдағы фестивальде гран-при алды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл туралы министр Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Петропавлдағы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ базасында құрылған Sensitive есту қабілеті бұзылған артистердің би театры Дубайдағы хореографиялық өнер фестивалінде гран-при жеңіп алды.
Халықаралық конкурстарда дебют жасаған облыстық түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бірнеше номинация бойынша жеңіске жеттті. Отандастарымыз «соло» (Даниал Кангожин) және «дуэт» (Евгений Кузьмин және Екатерина Воропаева) санаттарында үздік атанды. Мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің аға құрамы да ерекшеленіп, «Вена вальсі» және «Самба» хореографиялық қойылымдарымен бірінші орын иеленді. Сондай-ақ, Sensitive театры қазылар алқасының да арнайы сыйлығына ие болды.
Мен театрдың шығармашылық ұжымын және Солтүстік Қазақстан облыстық арнайы мектеп-интернатының түлектерін толайым табыстарымен құттықтаймын. Бұл отандық инклюзивті театр мен Қазақстанның театр өнері үшін үлкен жетістік. Сонымен қатар, бұл біздің ерекше қажеттіліктері бар отандастарымызды шабыттандыратын тамаша нәтиже, бұл қандай жағдай болсын сіздің шығармашылық әлеуетіңізді жүзеге асыруға болатындығының айқын дәлелі. Театрға болашақ байқауларда шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілеймін, — деп жазды министр.