Пятница, 29 ноября, 2024

Стандартқа сай келмейтін Ту мен Елтаңба қалай ауыстырылады және жойылады

Мәдениет министрлігі «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» бұйырық-жобасын көпшілік талқылауға шығарды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Қоса беріліп отырған Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары бекітілсін. Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін», — делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Мәлім болғандай, енді Ту мен Елтаңбаны ауыстыру және жою кезінде мына ережелер сақталуы тиіс:

— Конституциялық заңға сәйкес, ҚР Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде орналастырылатын (орнатылатын, көтерілетін) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты комиссиялары жүзеге асырады.

— ҚР Мемлекеттік Туын, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеу болып саналады.

— Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

— ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргізіледі.

Бұйырық-жобасы 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған