ШҚО тұрғындары әлеуметтік желі арқылы жылу электр орталығында түнде болған өрттің кадрларын таратуда. Облыс әкімдігі мен жергілікті ТЖ департаменті әзірге ресми ақпарат берген жоқ, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Риддер тұрғындары да жағдайдың себебінен бейхабар, айтуларынша, әзірге жылу өшірілген жоқ.
Риддерге ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың шұғыл жол тартқаны белгілі.
Риддер сайтында «Риддер ЖЭО» АҚ президенті әл-Тайыр Ақбужановтың хабарламасы пайда болды. Ол өрттің болғанын растады.
«Құрметті қала тұрғындары! Шынында да жанармай цехында өрт болды. Қазіргі уақытта бәрі сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Жылу беруді қалпына келтіру жұмысы басталды. Жылу желісінің температурасы уақытша төмендейді. Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Әрі қарайғы іс-әрекеттер туралы ақпарат береміз», — делінген хабарламада.