Среда, 27 ноября, 2024

Талдықорған авиациялық базасында төтенше жағдай: бір адам қайтыс болды

Талдықорған авиациялық базасында әскери қызметші көз жұмды. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілердің өздігінен қозғалып кетуі орын алды. Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, — делінген ақпаратта.

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған