Талдықорған қасында болған жол апатынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Алматы – Өскемен тас жолының 317-шақырымында Toyota Camry автокөлігінің қатысуымен жол апаты болды. Болжам бойынша, жапондық шетелдік көліктің 20 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген.
Зардап шеккен жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнынан қалалық ауруханаға жеткізілді. ЖКО дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындай отырып, қылмыстық іс қозғалды.
Облыс полицейлері көлік жүргізушілерінен Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды, ең алдымен рұқсат етілген жылдамдықты сақтауды талап етеді.