Вторник, 26 ноября, 2024

Талдықорғанда балалар ауруханасының есепшісі 116 млн теңгені құмар ойынға салған

Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі бюджет қаражатын құмар ойындарға салып отырған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ол қызметкерлерге тиесілі жалақы мен зейнетақы жарналары мен дәрі-дәрмекке жұмсалатын қаражатты 1 жылдан астам уақыт бойы алдымен өзіне аударып, одан кейін букмекерлік кеңсеге жіберіп тұрған.

«Жетісу облыстық Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің тергеп-тексеру нәтижесінде 28 жастағы маман 116 млн теңгені қолды қылғаны анықталды», — деп жазады qazaqstan.tv.

Қазіргі таңда аурухана қызметкерлерінің міндетті төлемдері мемлекет есебінен толық қайтарылды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған