Среда, 27 ноября, 2024

Талдықорғанда көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды

Талдықорған полицейлері кісі өлтіру дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

13 желтоқсанда Талдықорған қаласының Көктем шағынауданында Toyota Hilux Pick көлігінің ішінен 47 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.

Болжам бойынша ер адам атыс қаруын қолданып, өзіне қол жұмсаған.

Дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Оның барысында бүкіл мән-жай анықталады» деп хабарлады полиция.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған