Талдықорғандық кәсіпкер Наргиза Қасенова Африкада судан тапшылық көрген тұрғындарға ата-анасының атынан арнайы құдық орнатып берді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ауыз суға зәру болып отырған Африкадағы Бангладеш елінің тұрғындарына құдықты талдықорғандық кәсіпкер орнатып берген. Оны қазуға 3,5 ай уақыт кеткен. Наргиза бұл құдықты өзінің ата-анасының атынан орнатқан. Әлеуметтік желі арқылы «Живое серце» атты халықаралық қайырымдылық қорымен байланысып, Бангладеш тұрғындарына осы аптада құдық ресми түрде қолданысқа берілді.
«Ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру – сауабы үзілмейтін уақыт. Менің әкем осыдан 22 жыл бұрын өмірден өткен, анашым бізді жалғыз өсіріп жеткізді. Сол кісілерге арнап осы жерден құдық орнаттық. Біздің іс басқаларға үлгі болып, Африка елдеріндегі балаларға арнап су көбірек тартылса деген ойдамын. Себебі бұл жерде су жоқтығынан, ашаршылықтан 6 мыңнан аса бала күніне қайтыс болады» — дейді кәсіпкер.
Осылайша, талдықорғандық кәсіпкер Қазақстандағы басқада әріптестерін игі мұрындық болуға шақырды.