Алматы облысының полицейлері Талғар ауруханасында дәрігер мен медбикені соққыға жыққан екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
19 қыркүйек күні сағат 10:35-те Талғар аудандық бөлімшесінің кезекші бөліміне Талғар орталық аудандық ауруханасында белгісіз біреулер 27 жастағы реаниматолог пен 21 жастағы медицина қызметкерін ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Аталған факті ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық ІІБ ТЖК-не тіркеліп, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Талғар ауданы әкімдігінің қызметкерлері 1987 жылы туған Ш-ны және 1994 жылы туған Н-ны анықтап, ұстады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындалды», — деді Алматы облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы Бауыржан Әленов.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сай басқа ақпарат жарияланбайды.